Ұлықбек Есдәулет Түркияда жүріп референдумға қатысып, өз таңдауын жасады

05.06.2022 22:34

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр

Ұлықбек Есдәулет

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Анкарада жүрген жерінен референдумға дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақын түрік жұртының астанасында Қазақстан елшілігіне барып, референдумға дауыс бергені туралы Facebook парақшасында жазды. 

«Бас кенттегі сайлауға жұрт үздік-создық келіп, Ата заңға үн қосуда. Жалпы бұл бауырлас елде Анкара, Ыстанбұл, Анталияда үш сайлау уческесі жұмыс істеп жатыр», – деп жазды Ұлықбек Есдәулет.