Еліміздің оңтүстігінде іссапарда жүрген Асанәлі Әшімов таңдауын жасады
Актер Шымкент қаласындағы №231 сайлау учаскесінде дауыс берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі актер, Алматы қаласының тұрғыны Асанәлі Әшімов Шымкент қаласындағы №231 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшіміз.
Еліміздің оңтүстігінде іссапарда жүрген киножұлдыз жұбайымен бірге дауыс беруге барды.
«Референдум – ел үшін өтіп жатқан үлкен саяси науқан. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, білімге деген ұмтылысы артып, өнер, ғылым мен мәдениеттің өркендеуі үшін өз дауысымды беріп отырмыз. Өнер, ғылым, білім өспей, халық өспейді. Президентіміз бұл мәселені халыққа кеңінен түсіндіріп, оң бастамаларды қолға алды. Уақыт өте келе оң өзгерістердің мол болатынына сенімдімін молынан болар деп сенеміз. Біз қашан да жақсылықтың жағындамыз», – деді актер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58