Қазақстан өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне аяқ басты – Есенгелді Талбидинов

instagram.com
instagram.com
"AMANAT" партиясы түзетулерді түсіндіру бойынша Алматы қаласының барлық тіршілік саласының мекемелерін қамтыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Есенгелді Талбидинов Мемлекет басшысының референдум нәтижесіне орай Қазақстан халқына жасаған үндеуін қолдап, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәслихат депутатының айтуынша азаматтардың көпшілігі Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдады. 

«Президент халықтың және қоғамдық ұйымдардың белсенді жұмысы мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Айта кету керек, "AMANAT" партиясы түзетулерді түсіндіру бойынша Алматы қаласының барлық тіршілік саласының мекемелерін қамтыды. Қалалық штаб пен депутаттар күн сайын халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Үндеуде сондай-ақ бүкіл елді жаңғырту және бюрократиясыздандыру туралы айтылды. Президент Қазақстан халқына және оның мұқтаждықтарына назар аударып, азаматтардың алдағы өзгерістерден пайдасын сезінуін және қазір елімізде болып жатқан барлық жағдайды ұрандар мен әдемі сөздер үшін емес, бірге жаңа Қазақстанды құру үшін маңызды деп санайды. Біз бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатырмыз және бізді бір ғана мақсаттар біріктіреді, олар - бейбіт аспан, азаматтардың әл-ауқаты, өмір сүру деңгейін арттыру, медицина, білім және біздің балаларымыз үшін лайықты өмір. Енгізілетін реформалар мен олардың нәтижелері біздің мемлекеттілігіміздің тарихында жаңа бет ашады деп сенемін», - дейді Есенгелді Талбидинов.

Новости партнеров