Референдум – ел азаматтарын жарқын өмірге апарар негізгі кілт

Almaty.tv
Almaty.tv
Әуезов ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлерге референдум өткізудің маңызын түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлерге референдум өткізудің маңызын түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Референдум ел азаматтарының жарқын өмірге аяқ басуының негізгі кілті саналмақ деген ғылыми қызметкерлер Ата Заңның қаншалықты маңызды екеніне  тоқталып, халықты алда өтетін дауыс беруге бір кісідей атсалысуға шақырды.

«Референдум өзгерістер болуы үшін жасалып жатыр. Референдумның нәтижесі біздің Қазақстанда жүріп жатқан демократиялық процестердің одан ары қарай тереңдетеді. Менің ойымша, референдум мемлекетіміздің дамуының, Қазақстан азаматтарының жарқын өмірге аяқ басуының ең негізгі кілтінің бірі болып саналады», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және философиялық пәндер кафедрасының профессоры Дәуренбек Құсайынов.

«Ата Заңға енгізілетін жаңалықтар біздің болашағымызға міндетті түрде әлеуметтік жағынан, саяси жағынан өзгеріс алып келеді деген сеніміміз бар», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков.

Новости партнеров