Алматыда 100 жастағы соғыс ардагері таңдауын жасады

05.06.2022 23:50

Соғыс ардагері Құлагер шағынауданында тұрады

Алматыда референдум учаскесінің комиссия мүшелері соғыс ардагері Филипп Губановтың үйіне барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соғыс ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының Құлагер шағынауданында тұрады. Сайлау комиссиясының мүшелері жүз жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды. 100 жастағы қария дауыс берді.  Алматыда 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген.