Қазақстандықтардың 60 пайызы референдумға қатысады

Almaty.tv
Almaty.tv
Әлеуметтік сауалнамаға барлық өңірден 1200 респондент қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың 66,4 пайызы референдумға қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде, жұрттың 76,4 пайызы Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы идеясын қолдапты. Әлеуметтік сауалнамаға барлық өңірден 1200 респондент қатысқан.

«Жалпы аталған сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 70 пайызы референдум өтетінінен хабардар. Сондай-ақ біздің институт жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын отандастарымыздың 76,4 пайызы қолдап отыр. Яғни, қазақстандықтардың дені референдум өткізіп, Конституцияға тиісті өзгерістерді енгізудің маңызды екенін түсінеді», – деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.

Новости партнеров