Референдум нәтижесі Үкіметке жаңа міндеттер жүктейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Нұр-Сұлтан қаласында сарапшылар референдумның қорытындысын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Референдум нәтижесі Үкіметке жаңа міндеттер жүктейді. Енді сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың табыс деңгейін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру сынды мәселелер жедел әрі тиімді шешілуі керек. Нұр-Сұлтан қаласында референдумның қорытындысын талқылаған сарапшылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, «AMANAT» партиясының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. «Талқылау» диалог-алаңына жиналғандардың айтуынша, референдум қорытындысы қоғамдық топтасудың жаңа деңгейін көрсетті.

«Қабылданған шешімнің өзі бәрінің басын біріктіруге мүмкіндік жасады деп айтсам да артық айтқандық емес.  Шешім сөз жоқ елдің сана сезіміне тікелей әсер ететіндігі де белгілі. Сол себепті де оны халық қолдады. Халық бірге болды. Негізгі қабылданған шешім бұл Президенттің реформаларын халықтық қолдауы», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ал Дәуренбек Құсайыновтың айтуынша, референдум – демократиялық республика құруға, ашық қоғам мен әділетті ел жасақтауға бағытталған нақты қадам. Оның пікірінше, Президент ұсынған негізгі  бағыт осы қоғамда қордаланған өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға мүмкіндік.

«Әр азамат өзінің құқығын түсініп, қоғамды ешкім жақсартпайынша, өзіміз жетілсек, қоғам үшін жанымыз ашып қозғалсақ бізге мемлекет өзгеретіндігі және әр азаматқа жұмыс істеу керек дегенге көзіміз жетті. Мұны көпшілігі түсіне бастады деп айтсақ болады. Менің ойымша, біз демократиялық қоғамға қадам басып келе жатқан сияқтымыз», – деді философия ғылымдарының докторы Дәуренбек Құсайынов.

Новости партнеров