Референдумды қоғамдық қолдау штаб өкілдері өнеркәсіп жұмысшыларымен кездесті

20.05.2022 00:08

Алматыдағы өндірістік және тұрмыстық құрал-жабдықтар жасайтын компания өкілдері көкейдегі сұрағын қойып, пікір алмасты

Almaty.tv

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штабтың өкілдері Алматыдағы өндірістік және тұрмыстық құрал-жабдықтар жасайтын компания өкілдерімен кездесіп, алдағы болатын жалпыхалықтық дауыс берудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өнеркәсіп жұмысшылары көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«Жұмысы оң болсын, ертең жағдайы жақсы болсын дегендей Конституциядағы референдумды қолдаймыз деп отыр. Ол бізге керек. Әсері бар деп отыр. Біздің мақсат – негізі жұмысшыларға жеткізу. Осы шара қолданылатын болса, экономикамызда, елімізде тұрақтылық болады», – деді Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штабтың төрағасы Рахман Алшанов.

«Бүгін біздің өндірісте референдумды түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шараға 100-ге жуық жұмысшы қатысты. Қызметкерлер штаб мүшелеріне сұрағын қойып, түсініксіз тұстарын сұрады. Біз үшін жиын маңызды», – деді «Келет» АҚ вице-президенті Александр Папп.