Шараның мақсаты – ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобамен танысу
Абай атындағы ҚазҰПУ-да конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Саяси процестің жаһандық мәселелері» конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Динара Нөкетаева, оқу орнының ректоры Дархан Біләлов, AMANAT партиясының қалалық штабының мүшелері – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев пен Тимур Нұртаев, профессорлық-оқытушылық құрамы және жастар істері жөніндегі басқармалардың, студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары, белсенді студенттер қатысты.
Шараның мақсаты – ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобамен танысу, алдағы референдумға қатысу бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Университет ректоры Дархан Біләлов біздің мемлекеттілігіміздің дамуының жаңа кезеңіне қадам басып келе жатқанымызды атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы үшін өте маңызды қадам жасағанын, саяси реформалардың қажеттігін және Конституция алдында барлығы бірдей тең екенін айтты.
«Ата Заңда ҚР барлық азаматтарының мүдделері ескерілуі тиіс. Референдум - жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы нақты және батыл қадам. Баршаңызды таңдау жасауға шақырамын», - деді ректор.
Кездесу барысында спикерлер ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі айтып, еліміздің қолданыстағы Конституциясына ұсынылатын түзетулер демократияны нығайтуға, заңның үстемдігіне бағытталғанын атап өтті. Референдум – Жаңа Қазақстанды құрудағы нақты қадам, ал саяси реформалардың басты тетігі Президенттің ұсынған конституциялық өзгерістеріне халықтың қолдау көрсетуі болып табылады және әрбір қазақстандық елдің дамуына өз үлесін қосуы тиіс.
Нұртөре Жүсіп бұл Жаңа Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне елеулі серпін беретінін атап өтті, өйткені өзгерістер халықтың үнін еститін және оның пікірін ескеретін мемлекеттің негіздерін ескереді. Сенатордың айтуынша, әділеттілік, тәртіп, бірлік және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту Конституцияның құндылықтары болып табылады.
Сенатор Динара Нөкетаева реформалар халықтың қажеттілігіне және уақыттың сын-қатерлеріне жауап беретінін атап өтті. Ол білім және ғылым саласындағы өзгерістер, педагог мәртебесін арттыру бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шаралар туралы айтып, жас мұғалімдерді қолдау мүмкіндіктерін ілгерілеу және жас ғалымдарға отандық ғылымды дамыту үшін көмек көрсету арқылы ауыл мектептерін кадрлармен қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары референдумның мақсатын нақты түсіндіріп, қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.