Алматы референдумға дайын ба – мәслихат депуттары сайлау учаскелерін тексерді

03.06.2022 00:18

Қалалық қоғамдық кеңес өкілдері мен мәслихат депуттары басқосты

Almaty.tv

Халық өз таңдауын жасайтын тағдыршешті күнге де жетті. Алматы қалалық қоғамдық кеңес өкілдері мен мәслихат депуттары 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумге қатысты  арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Басқосуда қала бойынша сайлау учаскелерінің дайындықтары пысықталды. Бұл саяси науқаннан халықтың күтер үміті зор.  

«Референдумда халық көп үміт күтеді. Себебі жаңағы бекітуге ұсынылып отырған 33 өзгерістердің түпкі мақсаты – Қазақстан халқының азаматтық белсенділігін арттырып, халықты мемлекет басқару жүйесіне араластыру», – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.