Алматыда Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мақсат – ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің түйткілін шешу. Іс-шарада конституциялық реформалардың өзекті мәселелері, мемлекет пен қоғам алдында тұрған жаңа міндеттердің басымдықтары талқыланды. Сондай-ақ осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар мен «Жаңа Қазақстан» құру стратегиясы бойынша жоспарлар сөз болды.
«Енді бұл стратегияның жүзеге асуы көп жағдайда жаңағы халықтың оны қабылдауына, халықтың әл-ауқатына, қазіргі ұсынылып отырған реформалардың қаншалықты халыққа тиімді әсер ететіндігіне байланысты болады», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану кафедрасының профессоры Мәнсия Садырова.