|
08.06.2022 | 19:44
1311

Халық өзгеріске жету жолында жұдырықтай жұмыла алды - Төлеуғали Тайтөлеев

Халық өзгеріске жету жолында жұдырықтай жұмыла алды - Төлеуғали Тайтөлеев

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі  Төлеуғали Тайтөлеев "халық қоғамның өзгерісін көп күтті және соған жету жолында жұдырықтай жұмыла алды" деп пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестердің, негізгі қадамдардың бірі болған Референдумның қорытындысы бойынша Президентіміз халыққа үндеу жасап, ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсеткенін, қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін танытып, дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысып, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтты. «Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Иә, «Amanat» партиясының қалалық штаб мүшесі ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүріп, халықтың белсенділгі жоғары екеніне көзім жетті. Сайлау күні де осы белсенділікті көре алдым. Халық қоғамның өзгерісін көп күтті және соған жету жолында жұдырықтай жұмыла алды.

Қ. Тоқаевтың сөзімен айтсам «енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек». 5 маусым күні зор жауапкершілік және отансүйгіштік қасиетін паш еткен біздің қоғам, осы қасиетімізден айырылмай Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсетейік", - деді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі  Төлеуғали Тайтөлеев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир