с-шарада референдумның маңызы талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алматыда Парламент Сенатының депутаттары студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шарада референдумның маңызы талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ата заңға енгізілетін баптар мен толықтырулар бойынша пікір алмасты
«Президенттің тағы да көп өкілеттілігі Парламентке беріліп отыр. Одан кейін жаңағы саяси партияларда болатын өзгерістер, жергілікті атқарушы органдарға байланысты өзгерістер, содан кейін мына жер байлығы бәрі халықтың мүлігі деп айтылып отыр. Осының бәрі бүгін мына кездесулерде байқап отырмыз, өте жақсы қабылданып жатыh», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.