«Ел болашағы – жастар»: Логистика және көлік академиясының студенттері референдумды қолдайды

31.05.2022 00:59

Шараның негізгі мақсат – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен жалпыхалықтық дауыс берудің маңызына тоқталу

Almaty.tv

«Ел болашағы – жастар». Бүгін осындай атаумен Логистика және көлік академиясында алдағы референдумды талқылауға арналған арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараның негізгі мақсат – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен жалпыхалықтық дауыс берудің маңызына тоқталып, оны жастарға насихаттау. Жиынға қалалық мәслихат депутаттары мен оқу орны қызметкерлері және студенттер қатысып, өз ойын бөлісті.      

«Осы логистика және көлік академиясының студенттер, ұйымы және жастарымыз алда болатын референдумға толықтай қатысып, осыны қолдағысы келетінін жеткізгелі отыр», – деді Логистика және көлік академиясының президент-ректоры Салтанат Әмірғалиева.