Сәкен Майғазиев: Мемлекеттік маңызды шара – референдумда таңдауымды жасадым

06.06.2022 в 01:31

Референдум – алдымен жастардың жадында жүріп, қаперінде қалуы тиіс өте жауапкершілікті науқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елінің ертеңі үшін маңызды шешімдер қабылданар тұста, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым шетте қалмауы тиіс, - дейді жазушы Нұрдаулет Бәбиханұлы. Сол себепті өзі де таңмен таласа тұрып, тұрғылықты мекен-жайына тіркелген дауыс беру учаскесіне барып таңдау жасаған екен.

«Референдум деген өте маңызды, әрқайсымыз үшін ерекше, тарихи оқиға», – деді  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Нұрдаулет Ақыш.

«Мемлекеттік маңызды шаралардың бірі референдумға келдім. Бейбіт елде баянды ғұмыр кешейік», – деді әнші Сәкен Майғазиев.