«Халық өз таңдауын жасады». Саясаттанушы Мақсат Жақау қазақстандықтардың саяси белсенділігі артып келеді дейді, деп Almaty.tv хабарлайды тілшісі.
Оның айтуынша, референдумға қатысушылардың көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Бұл болашақ ұрпақ үшін жақсы үрдіс, игі дәстүр.
«Шынын айтқанда референдумды көптен күткендей жақсы оқиғалардың бірі болды қазақ қоғамы үшін. Енді соның негізінде механикалық, техникалық жағынан ұйымдастырып берген жауапты мекемелер жұмысын көрсете білді. Қателіктер көрінген жоқ», – деді саясаттанушы Мақсат Жақау.
Одан бөлек халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да бұл саяси науқаннан оң нәтиже күтеді. Олар елде және жырақта жүрсе де жауапкершілік танытып, дауыс бергендерін айтады.
«Енді алдымызда болған референдумға келіп, Қазақстан азаматы ретінде өз дауысымызды бердік. Жастар Жаңа Қазақстанды құрамыз деген ойдамыз», – деді спортшы Қазбек Сағын.
«Елімізде өтіп жатқан референдумға бей-жай қарамай Чехияда жүрсем де референдумға қатыстым», – деді спортшы Жанбота Алдабергенова