Референдум – құқықтық мемлекет құрудың негізгі жолы

Almaty.tv
Almaty.tv
Жүздесу барысында Сенат спикері саяси және әлеуметтік реформалардың маңызын түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Заң алдында бәрі бірдей. Ешкім заңнан жоғары емес. Жаңа Қазақстанның іргетасы әділеттіктен басталуы керек. Осылай деген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін Алматыға іс-сапармен келіп, жастармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жүздесу барысында Сенат спикері түрлі салада еңбектеніп жүрген сарапшыларға елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ 5 мауысымда өтетін жалпыхалықтық дауыс беруге дайындық мәселелері кеңінен талқыланды.

«Біз еліміздің дамуы үшін нақты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуіміз керек. Ал әділеттілік дегеніміз бұл ең алдымен адамдардың заң алдындағы теңдігі. Мемлекет басшылығы да, министр де, әкім де, Форбс тізіміндегі кәсіпкер мен ауыл тұрғыны да заң алдында бірдей. Қазір қоғамда екі түрлі пікір бар. Біреулер бұл өзгеріс жеткіліксіз десе, басқалары түзетулер енгізіле сала барлығы жақсы болады, жаңа өмір басталады деп күтеді. Мұның бәрі кезең-кезеңімен шешілетін мәселелер, – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенат Спикері Конституциялық өзгерістерді талқылау мақсатында «Ұлттық мүдде» диалог алаңында мегаполистің мәдениет майталмандарымен, өнер қайраткерлерімен, жазушылармен жүздесті. Жиналған қауым «Референдум Жаңа Қазақстанды құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде құрудың негізгі жолы» деген пікір білдірді. Зиялылар әр саладағы түйткілге тоқталып, оны дамыту мен жетілдіру жолдарын ұсынды.

«Жаңа Қазақстан деген не? Жаңа Қазақстан қандай болуы керек?  Осы сұраққа қатысты  Мемлекет басышысының айтқан сөзі: «Жаңа Қазақстан  әділетті Қазақстан болуы керек» деді. Осы сөз менің ойымша, бүкіл халықтың көңілінен шықты ғой деймін. Өйткені әділеттілікке ұмтылу, кез келген қоғамда әділеттілікті қалпына келтіру – әрбір қоғамның арманы», – деді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов

Новости партнеров