Референдумда қала бойынша 2500-ден аса бақылаушы қадағалады

06.06.2022 04:07

Олар дауыс беру процесінің заңды өтуін бақылады

Almaty.tv

Референдумның жан-жақты талапқа сай өтуін бүгін қала бойынша 1500-ден аса бақылаушы қадағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар тұрғындар жауабының құпиялылығы мен жалпы дауыс беру процесінің заңды өтуіне тікелей бас-көз болды. Сондай-ақ, референдумда таңдау жасау уақыты аяқталғалы бері байқаушылар нәтиженің әділ шығарылуына атсалысып жатыр. Бұл тұста олар «Дауыс беру процесінің өтуіне қатысатын әр маманның саяси, һәм әлеуметтік тұрғыда сауатты болуы маңызды» дейді.


«Біз алдын-ала сыртай дауыс беру талон алмадық деген өкініш болды. Сондықтан негізі ол тағы да бір референдумның қызық болғанының дәлелі. Бәрі өзінің әлеуметтік үлесін қосқысы келеді», – деді бақылаушы Бекнұр Кисиков.