Ақылбек Күрішбаев референдумда дауыс беріп, азаматтық парызын орындады

Профессордың айтуынша, референдумға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев та өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессордың айтуынша, бүгінгі аса маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы. Ақылбек Күрішбаев Алматыдағы №622 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Бізге, ең алдымен, тұрақтылықты қамтамасыз ететін мықты мемлекеттік иммунитет керек. Экономикамыз ғылымға, инновацияға, білімге негізделуі тиіс. Бұл өте маңызды. Ол үшін біздің мемлекеттік заңдарымыз мықты болуы қажет. Ең бастысы, Ата Заңымыздың қазіргі заманға сай болуы өте маңызды», - деді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Оқи отырыңыз: Референдумды 38 елден келген халықаралық бақылаушылар қадағалап отыр

Новости партнеров