Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

15.03.2026 09:41

Ақынның айтуынша, сайлау мен референдумдарға қатысу бұрыннан қалыптасқан маңызды дәстүрі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Әуезов ауданындағы №624 референдум учаскесінде белгілі ақын, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайлау учаскесі Ақсай-1 шағынауданындағы №133 жалпы білім беретін мектепте орналасқан. Таңнан бастап мұнда тұрғындардың белсенділігі байқалады: көпшілік отбасымен бірге келіп, ел үшін маңызды оқиғаға қатысып жатыр.

Ақынның айтуынша, сайлау мен референдумдарға қатысу — оның өміріндегі бұрыннан қалыптасқан маңызды дәстүр.

«Мен барлық сайлау мен референдумға қатысуға тырысамын. Өз елінің болашағына бей-жай қарамайтын әр адам үшін бұл азаматтық міндет деп санаймын», — деді Әділғазы Қайырбеков.

Ол мұндай маңызды оқиғалар қоғамды біріктіріп, азаматтарға ұстанымын білдіруге және мемлекеттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда учаскелік комиссиялар дауыс берудің ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етіп отыр