Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Кадр из видео
Кадр из видео

Тұрғындар мемлекет үшін маңызды оқиғаларға бейжай қарамау қажеттігін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Таужолы шағынауданының тұрғындары референдум учаскесіне көршілерімен бірге келіп, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындар учаскеге бір топ болып келуді алдын ала келісіп, өзара қолдау мен сыйластықтың үлгісін көрсетті. Олардың айтуынша, референдумға қатысу ел болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша көзқарас білдіру мүмкіндігі.

Тұрғындар мемлекет үшін маңызды оқиғаларға бейжай қарамау қажеттігін айтты.

Олардың пікірінше, көршілердің бір-бірін қолдап, бірге белсенділік танытуы қоғамдағы бірлік пен өзара құрметтің нығаюына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров