Олардың қатарында 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берген азамат та бар
"Алматы Су" қызметкерлері де республикалық референдумға белсенді қатысып, №273 учаскеде өз таңдауларын жасады. Көбі дауыс беруге жақындарымен бірге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Таңғы сағат 10:00-ге дейін қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің 62%-дан астамы дауыс беріп үлгерген. Оның ішінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берген азамат та бар.
Айта кетейік, «Алматы Су» ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне бірінші болып барған азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды. Мекеме өкілдерінің айтуынша, жалпы халықтық дауыс беруге қатысу — ел дамуына үлес қосудың бір жолы.
«Алматы Су» — Алматы бойынша ең ірі коммуналдық мекеме. Біздің жалпы жұмыскерлеріміздің саны 3,5 мың адам. Үздіксіз тәулік бойы сумен қамтамасыз етеміз. Сондықтан кейбір қызметкерлер кешкі сменде жұмыс істейді. Өздерінің азаматтық борышын орындау үшін біз арнайы кесте жасап, 1-2 сағатқа босатып, дауыс беруге мүмкіндік бердік», — деді «Алматы Су» МКК ресми өкілі Серік Шағыров.
Оқи отырыңыз: Алматыда тіркеуі жоқ тұрғындар да референдумда таңдау жасай алады