Алматыда тіркеуі жоқ тұрғындар да референдумда таңдау жасай алады

Ол үшін дауыс берушінің есептен шығару куәлігі болуы шарт

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 52 мың 202 азамат республикалық референдумға алғаш рет қатысады. Жалпы, оңтүстік мегаполисте 1 миллион 311 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасауға құқылы. Саяси науқанға 35 жоғарғы оқу орны мен 90-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру орталығынан 20 мыңға жуық студент қатысады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап алматылықтар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Алмалы ауданында орналасқан Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде орналасқан №65 дауыс беру учаскесінде барлығы 2,5 мыңнан аса адам дауыс бере алатын орында халық өз таңдауын жасап жатыр.

Бұдан бөлек, 20-ға жуық азамат алғаш рет дауыс берген. Көрсеткіш әлі де өзгереді. Жалпы, таңдау жасау қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бірінші болып дауыс беруге келген азаматтарға естелік сыйлықтар таратылды.

Сонымен қатар Алматыда тіркеуі жоқ тұрғындар да таңдау жасай алады. Ол үшін дауыс берушінің есептен шығару куәлігі болуы шарт.

Жалпы, барлық санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар жандарға Брайль қарпіндегі трафареттер, лупа және Конституция жобасының мәтінін аудио форматта тыңдауға мүмкіндік қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Инватакси - тегін: Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар референдумға белсенді қатысып жатыр

Новости партнеров