Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті

16.03.2026 00:00
Almaty.tv

15 наурыз Алматы үшін ерекше күн болды. Қала халқы жоғары азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне келгендердің саны соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Таңсәріден бастап алматылықтар дауыс беруге отбасымен, достарымен және әріптестерімен бірге келді.

Маңызды саяси шараға алматылықтар ерекше шығармашылықпен қарады. Учаскелерде музыка ойнап, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті, ал қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Мерекелік көңіл күйді сайлаушылардың өздері де жандандырды. Кейбіреулер қар барысы мен бүркіт бейнесіндегі киім киді, енді бірі Threads әлеуметтік желісінің кейпінде келді. 

Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген сәттің бірі — халық әндерін шырқаған әжелер хоры болды. Жастар би билеп, асық ойнап, арнайы безендірілген фотоаймақтарда суретке түсті.

Көптеген алматылық дауыс беру учаскелеріне жұмыстан кейін немесе пойыздан түсе сала келіп жатты. Олар үшін референдумға қатысу азаматтық міндет қана емес, сонымен бірге маңызды жеке шешім болды.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар саяси науқанға белсенді қатысты