Референдумға дейін:
12
күн
5
сағат
58
минут

Алматыда домбырашылар референдумға арнап күй шығарды

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда талантты домбрашылар Пернебек Мардан мен Өмірзақ Әмір алдағы референдумға деген көзқарасын күй арқылы жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың үлкен саяси науқанға арнап шығарған күйі қала тұрғындарының, әсіресе жастардың арасына тез тарап кетті.

Олар көңіл көтеріп қана қоймай, осылайша қала тұрғындарын елдің болашағы туралы ойлануға ынталандырмақ болыпты.  

Пернебек Марданның айтуынша, адамдарды ұйыстырып, ортақ істе жұмылдырар кезде көбі музыканың әлеуетін ескере бермейді екен:

«Біз  осындай тарихи сәтке куә болып, оған тікелей атсалысатындай үлкен мүмкіндік туып тұрғанын музыка арқылы көрсеткіміз келді», - деді Пернебек Мардан.

Өмірзақ Әмірдің айтуынша, күй қабылдауға жеңіл, мәні де терең болып шыққан:

 «Әр аккорд әр дауыс маңызды екенін еске салады және болашақты бірге құратынымызды білдіреді», - деді Өмірзақ Әмір.

Әлеуметтік желіде оған әлден баға беріп жатыр. Қала тұрғындары әуеннің адамды ойлантып тастайтынын, жадыратып жіберетінін айтады.     
15 наурызда Алматы мен бүкіл ел референдумға қатысады, Пернебек пен Өмірзақтың күйі осы маңызды күнді музыкалық жағынан сүйемелдемек. Қала тұрғындары үшін бұл жай әуен емес, бұл азаматтық ұстаным мен бірліктің музыкалық символы.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында "Алғыс" қабырғасы орнатылды

Новости партнеров