Өңірлік коммуникациялар қызметінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгерлері жаңа Конституцияның жобасын түсіндіруге арналған оқу құралының электронды нұсқасы дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Профессор Уәлихан Ахатовтың айтуынша, оны цифрлық форматты шығару жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіруге көмектеспекші.
«Біз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан оқу құралын электронды форматта да шығарамыз. Оны университеттің ресми сайтына орналастырып, ақпарат құралдары арқылы таратамыз», – дейді спикер.
Оның сөзінше, электронды нұсқа аудиторияны едәуір кеңейтіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне қатысты түсіндірулердің қолжетімділігін арттырады. Атап айтқанда, нормалардың логикасы, оларды қабылдау себептері мен жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыратын институционалдық өзгерістердің ерекшеліктері қамтылады.
Университет өкілдері сондай-ақ ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жағдайда оқу құралының электронды нұсқасы толықтырылып, жаңартылып отыратынын, ал жаңа Конституция жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған оқу құралы таныстырылды