Іс-шараға спорт федерацияларының өкілдері, сала мамандары, қоғам белсенділері және сарапшылар қатысты
Алматы қаласында спорт қауымдастығының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Іс-шараға спорт федерацияларының өкілдері, сала мамандары, қоғам белсенділері және сарапшылар қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформаның маңызы, оның қоғам дамуына ықпалы және алдағы референдумға қатысудың азаматтық жауапкершілігі талқыланды.
Дөңгелек үстелде заңгер-ғалым Қарлығаш Үсейінова Конституция жобасына енгізілетін өзгерістерге құқықтық тұрғыдан түсіндірме берді.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ералы Сауранбаев референдумның қоғам өміріндегі рөліне тоқталып, азаматтардың белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Сондай-ақ кәсіпкер Данил Аитов кәсіпкерлік қауымдастықтың ұстанымын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды екенін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында ой алмасты.
Оқи отырыңыз: Конституциялық реформаларды қолдау: Астанада хоккей клубының матчы кезінде ерекше акция өтті