Алматыдағы Неміс жастары клубының жетекшісі жаңа Конституция жобасын қолдады

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Галина Коптелова ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына да тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Неміс жастары клубының жетекшісі Галина Коптелова Жаңа Конституцияның жобасын қолдайтынын білдіріп, оны азаматтарды елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араластыратын маңызды фактор деп атап өтті,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Галина Коптелованың айтуынша, маңызды мемлекеттік шешімді талқылау мен қабылдау — қоғамның кемелдене бастағанын және демократиялық институттарды дамытуға ұмтылысын білдіреді. Ол еліміздегі саяси жүйені жаңғыртуды көздейтін бастамаларды мұқият қадағалап отырғанын айтты.

«Жаңа Конституция — мемлекеттің құқықтық негізін нығайтып, азаматтарды ел басқаруға қатыстырып, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған өте керекті бастама», — дейді Коптелова.

Жастар бірлестігінің жетекшісі ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына да тоқталды. Оның пікірінше, ұсынылған өзгерістер азаматтардың ұлттық ерекшелігіне қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосымша кепілдік береді.

Алматыдағы Неміс жастары клубы дәстүрлі түрде қоғамдық бастамаларға, мәдени және ағартушылық жобаларға белсенді қатысып келеді. Коптелованың айтуынша, Жаңа Конституция жобасын қолдау — Қазақстанның орнықты дамуына, әділеттілік пен теңдік қағидаттарын нығайтуға мүдделі жастардың ұстанымын білдіреді.

Конституция жобасын сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктері түрлі алаңдарда қызу талқылап жатыр. Бұл қоғамда ашық әрі ымыраға бейім диалогтың қалыптасуына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар Конституция жобасындағы саяси жаңғыртудың басымдықтарын айқындады

Новости партнеров