Алматының Алмалы ауданында 90 жастағы құрдастар референдумда дауыс берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оларға ауданның 90 жылдығына орай дайындалған естелік брендтік сыйлықтар табыстады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматының Алмалы ауданы 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Республикалық референдум күні өмір жолы аудан тарихымен тығыз байланысты, ауданның құрдастары саналатын тұрғындар да учаскелерге келіп дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, референдумда 90 жастағы аудан тұрғындары Анна Трусова мен Надежда Макарова таңдау жасады. Олар туралы бұған дейін Алмалы ауданының құрдастарына арналған арнайы жоба аясында бейнероликтер дайындалған болатын.

Анна Трусова А.Жұбанов атындағы мектеп-интернатта орналасқан №56 референдум учаскесінде дауыс берсе, Надежда Макарова №67 жалпы білім беретін мектептегі №52 учаскеде ұстанымын білдірді.

Зейнеткерлердің белсенді өмірлік ұстанымына құрмет ретінде Алмалы аудандық Қоғамдық кеңесінің өкілі Татьяна Бегайкина оларды құттықтап, ауданның 90 жылдығына орай дайындалған естелік брендтік сыйлықтар табыстады.

Қоғамдық кеңес өкілдері аға буын тұрғындарының қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуы жастар үшін үлгі болып, ұрпақ сабақтастығын айқын көрсететінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев референдумда дауыс берді

Новости партнеров