Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мерекелік көңіл күйге бөленді
Бүгін Наурызбай ауданындағы референдум учаскелерінің біріне батырлардың киімін киген тұрғындар келді. Ұлттық кейіпкерлердің бейнесі дауыс берушілердің назарын бірден аударып, учаскеде ерекше рух қалыптасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мұндай бейнелер іс-шараға мерекелік көңіл күй сыйлағанын атап өтті.
Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салуды мақсат еткен.
Олардың айтуынша, ертеден-ақ маңызды мәселені халық ақылдасып шешкен, сондықтан әр адамның атсалысуы үлкен мәнге ие.
Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді