Референдумға дейін:
9
күн
23
сағат
36
минут

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Бизнес өкілдері атап өткендей, жаңартылған Конституция - адам құқығын нығайтуға бағытталған стратегиялық бағдар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық референдум қарсаңында кәсіпкерлік пен өндірістік сектордың өкілдері республикамыздың азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Алматылық кәсіпорынның бас директоры Ділмұрат Палтушев конституция мемлекеттіліктің, бірлік пен тұрақтылықтың іргетасы екенін айтты. Оның айтуынша, жаңартылған негізгі заң мемлекет пен азаматтардың арасындағы сенімді нығайтып, елдің дамуының құқықтық негізін қалайды.

«Заң үстемдігі – ортақ құндылығымыз. Конституция – мықты негіз. Ол әр азаматтың құқығына тікелей әсер етіп, еңбек етіп, білім алуға, бас құрап, өзін дамытуға мүмкіндік береді: Әділетті мемлекет – әр адамның жарқын болашағына кепілдік беретін ел», – деп атап өтті Ділмұрат Палтушев.

Ол алдағы референдум әр азаматтың өз ойын білдіріп, ел болашағы үшін жауапкершілік танытатын сәт екенін айтып отыр.

Сондай-ақ өнеркәсіп саласының өкілдері де пікір білдірді. Тігін-аяқ киім фабрикасының директоры Жұлдыз Ашықбаева экономикадағы әр жетістіктің артында еңбек адамдары тұрғанын айтады.

«Референдумға қатысамыз. Сіздерді де қатысуға шақырамыз. Өйткені еліміздің мүддесі бәріне ортақ құндылық», – деді.

Референдумды 700 маман еңбек ететін үлкен кәсіпорын да қолдады. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы олар Қазақстанның көлік инфрақұрылымының негізін қалыптастырып, ел аумағында сапалы жол салумен айналысып келеді.

Компания жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізуді қолдау коалициясының құрамына енген. Коалиция мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесіп, қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Біз референдумға қатысу – әділетті әрі ашық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екеніне сенеміз», – дейді өндірістің қызметкерлері бірауыздан.

Бизнес өкілдері атап өткендей, жаңартылған Конституция заң мәтініндегі өзгеріс қана емес, бұл адам құқығын нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағдар.

Оқи отырыңыз: Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді

Новости партнеров