Референдумға дейін:
9
күн
20
сағат
23
минут

Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз: Нияз Құрманғазы алматылық жастарға үндеу жасады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасанды интеллекті жылы аясында өткен жастар арасындағы мерекелік кеште сөз сөйлеген Нияз Құрманғазы алматылықтарды маңызды тарихи кезеңде бірлік танытуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның айтуынша, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген дана халқымыздың даналығы осы сәтте ерекше мәнге ие. 

«Бұл – ойланатын, саралайтын және жауапкершілікпен шешім қабылдайтын кезең»,- деп атап өтті спикер.

Ол ел тағдырын аманат ретінде бағалап, бірліктің ең үлкен күш екенін айтты. 

«Бір адамның дауысы аз көрінуі мүмкін, бірақ халық болып жұмылсақ, үлкен өзгерістерге жол ашамыз», – деді блогер.

Спикер Қазақстан Республикасының Конституциясына назар аударып, жаңартылған нормалардың адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде бекіткенін айтты. 

«Жаңартылған конституциялық нормалар әділдік қағидаттарын нығайтып, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Бұл – құқықтық мемлекет пен тұрақты дамудың маңызды қадамы», – деді Нияз Құрманғазы.

Сөз соңында ол барша тұрғындарды саналы әрекетке шақырып, өз пікірін ашық білдірді: 

«Мен жаңа Конституцияны қолдаймын! 15 наурызда баршаңызды референдумда дауыс беруге шақырамын. Бүгінгі таңдау – ертеңгі Қазақстан! Ендеше, ел болашағына келгенде бейжай қалмайық. Бүгінгі қадам – ертеңгі Қазақстан. Ал еліміздің ертеңі – біздің қолымызда!», - деп өз пікірін ашық білдірді.

Новости партнеров