Қалада барлығы 653 референдум учаскесі ашылды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала басшысы Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде таңдау жасады.
Қалада дауыс беруді ұйымдастыру үшін таңғы 7:00-ден бастап барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Заңнама талаптарына сай өтіп жатқан дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Учаскелер жұмысы аяқталғаннан кейін референдум қорытындыланады.
Оқи отырыңыз: Алматыда референдум күні қоғамдық көлік пен сайлау учаскелеріне тегін жету ұйымдастырылды