Жиында алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше аталды
Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жиынға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері, өңірлік ардагерлер кеңестерінің төрағалары және қоғам қайраткерлері қатысты.
«Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ата Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум мәселелері талқыланды», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Қатысушылар құжаттың мемлекет негіздерін нығайтуға және ел дамуының стратегиялық бағытын айқындауға бағытталғанын айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық елге оралды