Зиялы қауым өкілі таңдауын жасады: Кенжехан Матыжанов Алматыда референдумда дауыс берді

15.03.2026 19:13
РСК Алматы

Алматыда жалпыхалықтық референдумға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Медеу ауданында орналасқан №17 мектеп-интернаты ғимаратындағы №387 референдум учаскесінде дауыс берді. Таңертеңнен бастап мұнда аудан тұрғындары келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр. 

Кенжехан Матыжановтың айтуынша, референдумға қатысу — әр азамат үшін ел тағдырына ортақтасудың маңызды мүмкіндігі.

«Ел тарихы ірі оқиғалардан ғана емес, әр адамның жеке таңдауынан да қалыптасады. Біз референдумға келген кезде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді көрсетеміз», — деді ол.

Оқи отырыңыз: Алматыда референдум күні қоғамдық көлік пен сайлау учаскелеріне тегін жету ұйымдастырылды