Қазақстан суретшілер одағы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

18.02.2026 20:39

Қазақстан Суретшілер одағы халықты саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды. Бүгін қылқалам шеберлері Алматыда бас қосып, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жиында суретшілер ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысу қажет екенін атап өтті. Кездесуде конституциялық реформалардың рухани кеңістікті жаңғыртудағы рөліне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, мұндай ашық талқылаулар қоғам мен шығармашылық орта арасындағы байланысты күшейтіп, маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

«Ата Заңымыз Конституцияның жобасы бүкіл ел талқылап жатыр. Суретші қауым да көкейде жүрген ойды айтып, Конституция жобасына заманға сай енгізілген өзгерістердің маңызына тоқталдық», ҚР суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасындағы бастама еріктілердің қоғамдағы рөлін айқындайды