Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды - Нұрлан Әбдіров

Комиссия дерегінше, дауыс беру күні халықтан 35 өтініш түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл туралы референдумның түпкілікті қорытындысын жариялаған комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 500 мыңға жуық азаматтың 9 миллионнан астамы дауыс берген. Олардың 87,15 пайызы жаңа Ата заң жобасын қолдаған. Комиссия дерегінше, дауыс беру күні халықтан 35 өтініш түскен. Олардың дені референдум туралы заңнаманы түсіндіру, учаскелік комиссиялардың жұмысы мен шетелдегі дауыс беру мәселелеріне қатысты болған. 33 өтінішке жауап берілген. Ал екеуі сотқа жолданған. Оның біреуі Ақтөбе облысында Брайль қарпіне қатысты болса, екіншісі Астанадағы учаскелердің бірінде бақылаушыны шығару туралы учаскелік комиссия шешіміне қарсылық ретінде жіберілген. ¤

«Аталған талап-арыздарды қарау нәтижесінде олардың уәждері расталмады. Осыған байланысты соттар оларды қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, барлық келіп түскен өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралды. Кейбір өтініштер түсіндірмелік немесе ұйымдастырушылық сипатта болды. Берілген талап-арыздар сотта өз дәлелін таппады. Жалпы алғанда, аталған өтініштер мен жекелеген ескертулер дауыс беру барысына және республикалық референдум нәтижелерін анықтауға айтарлықтай әсер еткен жоқ», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова.

Оқи отырыңыз: Ақорда Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты шараға дайындалып жатыр

 

 

 

 

Новости партнеров