Табиғатты қорғау, жоғары экологиялық мәдениетті дамыту – басты міндет. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бас қосқан мамандар жаңа Конституция жобасындағы әр салаға жіті тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жерасты және жерүсті байлықтарына қатысты мәселенің өзектілігін баса айтты. Дөңгелек үстелге жиналғандар референдум өткізудің конституциялық-құқықтық негіздерін, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызын және стратегиялық шешімдер қабылдауда азаматтық қоғамның рөлін талқылады. Сондай-ақ конституциялық реформаларға қатысты халықаралық практика жөнінде пікір алмасты.
«Бұл жаңа Конституция жобасында қолайлы қоршаған ортаға аса мән беріліп, табиғатты аялау қажет екені және оны келешек ұрпаққа жеткізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы мәселеге аса назар аударылған», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Гүлнұр Рашева.
Оқи отырыңыз: Референдумның қорытынды нәтижелері 21 наурызға дейін жариялануы қажет - ОРК