14 наурыз тыныштық күні жарияланып, үгіт-насихат жүргізілмейді
Орталық референдум комиссиясы бүкілхалықтық дауыс беруге дейінгі күндерді санауды бастады. Комиссия алдағы жоспарды ұсынды. Науқанның ұзақтығы отыз екі күн. 21 ақпанда БАҚ беттерінде референдумға арналған учаскелік комиссия мен дауыс беру учаскесі туралы ақпарат жарияланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ал келесі күні сайлаушылар тізімі референдум комиссияларына ұсынылады. Дауыс беруге 15 күн қалғанда азаматтар тиісті учаскелерде дауыс берушілер тізілімінен тексере алады. 12 мен 14 наурыз аралығында бюллетеньдер өңірлерге жеткізілуі тиіс. 14 наурыз тыныштық күні жарияланып, үгіт-насихат жүргізілмейді. 15 наурызда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Ал референдумның қорытынды нәтижелері 21 наурызға дейін жариялануы қажет.
«Үгіт-насихат жүргізуге Қазақстан азаматтары және әділет органдарында мемлекеттік тілден өткен қоғамдық бірлестіктер құқылы. Барлық үгіт-насихат материалыы, оларды шығарған ұйым туралы, басылған орны мен таралымы туралы сондай-ақ олардың шығарылуына жауапты адамдар туралы мәліметтер таңбалауы тиіс. Жасырын яғни, анонимді үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов.
Оқи отырыңыз: Мәулен Әшімбаев: Референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам