«Өлеңдегі сөз мағынаны, ал әрбір дауыс елдің болашағын қалыптастырады» - ақын Ғалым Қалибекұлы

15.03.2026 14:02

Ақынның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаға қатысу әрбір азамат үшін ерекше мәнге ие

пресс-служба акима Алматы

Белгілі қазақстандық ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Ғалым Қалибекұлы республикалық референдумға қатысты. Ол өз учаскесіне келіп, референдумда таңдау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақынның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаға қатысу әрбір азамат үшін ерекше мәнге ие.

«Референдум – әрқайсымызға ел тағдырына дауыс қосуға мүмкіндік береді. Өлеңдегі сөз мағынаны қалыптастырса, әрбір дауыс елдің болашағын қалыптастырады», - деді ол.

Ғалым Қалибекұлы сондай-ақ, ел үшін маңызды оқиғаларға азаматтардың қатысуы қоғамның болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді