Референдумға дейін:
11
күн
13
сағат
20
минут

Конституция жобасыда тегін медицина жойыла ма: Мәжіліс депутаттары тұрғындардың сұрағына жауап берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Конституция жобасында тегін медицина жойылады ма? Дәл осы сұрақ ел тұрғындарының көкейінде жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың денсаулығы басты назарда. Онда ел тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына конституциялық кепілдік беріледі. Десе де, әлеуметтік желіде «медициналық қызмет енді тегін болмайды» деген пікірлер тараған. Мәжіліс депутаттары бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, өңірлерді аралау кезінде тұрғындар дәл осы мәселеге алаңдаушылық білдірген. Халық қалаулылары бұрынғы «тегін» деген тіркестің «ақысыз» деп нақтыланғанын түсіндірді. Яғни мемлекет есебінен көрсетілетін қызмет сақталады, азаматтар медициналық көмекті бұрынғыдай ақы төлемей алады.

«Конституцияда және жаңа Конститутция жобасында әлеуметтік көмек сақталады. Анығырақ айтсақ, азаматтар бұған дейін тегін білім мен тегін медициналық қызметке қол жеткізіп келді, бұл мүмкіндік жаңа жобада да жалғасады. Тек бір өзгешелік бар. Бұрынғы «тегін» сөзі жаңа Конституция жобасында «төленбейтін» деп өзгертілген. Бірақ мәні өзгерген жоқ, әлеуметтік көмек бұрынғыдай сақталады. Сондықтан азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқ», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дәния Еспаева.

Жаңа Ата заң жобасында «адам» сөзі 76 рет кездеседі. Бұл көрсеткіш құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі қағидат ретінде айқындалғанын аңғартады. Мәжіліс депутаттары әрқашан басты назар азаматтың мүддесінде болуы керек екенін ерекше атап өтті.

«Қысқаша айтқанда айналадағы барлық мәселе адамға қызмет жасауы керек. Бүкіл бағытымыз Конституция, басқа заңдар бәрі адамға қызмет көрсетіп, медициналық қызмет, білім, барлық салада жағдай жасалуы керек», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев.

 Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев та жаңа Конституция жобасының тікелей халыққа арналғанын атап өтті. Ол алдағы референдумның ел үшін маңызы зор екенін жеткізді.

«Әрбір Қазақстандық сайлау жасына келген азаматтардың барлығы түгелдей қатысса өте орынды болады. Өйткені біз осы Конституция арқылы мемлекеттің мемлекеттігін, мемлекеттің болашағын анықтаймыз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев.

 Жаңа Конституция жобасында білім саласы да назардан тыс қалмайды. Медицина сияқты, білім алу құқығы да тегін болып қала береді. Жоба тек мектеп пен жоғары оқу орындарында білім алуды ғана емес, өмір бойы оқу, кәсіби қайта даярлану және ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін де қамтамасыз етуді көздейді. Осы арқылы мемлекет азаматтардың білім алуына толық қолдау көрсетуді басты міндет етіп отыр.

Мәди Бижан, Нұрлан Өтеген, Әлихан Өтеген, Астана

Оқи отырыңыз: Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері референдумды қолдады

Новости партнеров