Референдумға дейін:
24
күн
5
сағат
43
минут

Конституциялық реформа - Ұлы Дала мемлекеттілігінің жаңа белесі: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы Дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі ғалымдар, тарихшылар мен студенттер қатысқан жиында ел қалыптасуындағы тарихи алғышарттар мен Ата заңға енгізілген өзекті түзетулерге дейінгі үдерістер талқыланды. Сонымен қатар конституциялық өзгерістерді ұлттық сана мен тарихи мұра тұрғысынан пайымдау мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Жаңа жобада Қазақстанда болған барлық конституциялардың тарих бар.  Қабылдану барысы, сол кездегі саяси кезеңдерге немесе белгілі бір дағдарыстарға байланысты айтылған ойлар, сол конституцияның тарихы жөніндегі мәселелер қамтылады. Әр кезеңде қабылданған, Ата заңның тарихы барынша талқыланып, ашылады», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байқонақов.

     Оқи отырыңыз: Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

 

 

 

 

Новости партнеров