Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдум күні №214 мектеп аумағында мерекелік акция ұйымдастырылды. Бұл жерде №625, 679, 680, 681 және 682 референдум учаскелері орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Акцияны Наурызбай аудандық әкімдігі гүл дүкендерінің бірімен бірлесіп өткізді. Дүкен директоры Анастасия Ярутина учаскелерге келген әйелдерге қызғалдақ гүлдерін тарту етті.
Оның айтуынша, бұл дауыс беруге келген нәзік жандыларға көрсетілген символикалық құрмет.
«Әйел заты әрдайым көктеммен, жаңарумен және тіршіліктің оянуымен байланысты. Көпшілік мұндай сыйлыққа қуанып қалды. Бұл өте символикалық қадам деп ойлаймын, өйткені референдум күні де ерекше көңіл күй сыйлады», — деді Анастасия Ярутина.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді