Олжас Бектенов пен Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді

15.03.2026 13:07

Олар референдумның ашық әрі заң талаптарына сай өтетініне сенім білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үкімет басшысы елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей ғимаратында орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов та республикалық референдумда таңдау жасап, азаматтық ұстанымын білдірді.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, бүгінгі саяси науқан мемлекет пен қоғамның келешегін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі. Сонымен қатар ол референдумның ашық әрі заң талаптарына сай өтетініне сенім білдірді.

«15 наурыз Қазақстан тарихында болашақта ерекше орын алатын тарихи күн болады деп ойлаймын. Референдумның әділ, таза әрі ашық өтетініне менің күмәнім жоқ», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: Шетелде 14 мыңнан астам қазақстандық референдумда дауыс береді