Амантай Берғалиевтің айтуынша, референдумға қатысу — ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі
Республикалық референдум күні Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының кеңесшісі Амантай Берғалиев азаматтық ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан №178 мамандандырылған лицей ғимаратындағы №572 референдум учаскесінде дауыс берді.
Амантай Берғалиевтің айтуынша, референдумға қатысу — ұстанымыңды білдіріп қана қоймай, елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі.
«Мәдениет жауапкершіліктен басталады. Адам референдумға келген кезде ол бүгінгі күнді ғана емес, мемлекетінің болашағын да ойлайтынын көрсетеді», — деді ол.
Сондай-ақ ол мұндай маңызды оқиғалар түрлі мамандық иелері мен әр буын өкілдерін біріктіретінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Шет қалмау маңызды: Ермахан Ибраимов референдум туралы