Шет қалмау маңызды: Ермахан Ибраимов референдум туралы

15.03.2026 11:33

Спортшы мұндай шараларға қатысу – азаматтық маңызды жауапкершілік екенін атап өтті 

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортшы мұндай шараларға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі әрі елдің болашағына әсер ететін мәселе бойынша әр азаматтың пікірін білдіруіне мүмкіндік екенін атап өтті.

«Бүгін мен сайлау учаскесіне отбасыммен бірге келдім. Біз үшін бұл – жақсы дәстүр. Сайлау мен референдумдарды өткізіп алмауға тырысамыз, әр жолы осы жерде – Мемлекеттік қуыршақ театры ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс береміз. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер елдің одан әрі дамуына бағытталған. Сондықтан келіп, таңдауымды жасау маңызды деп есептеймін», – деді Ибраимов.

Ермахан Ибраимов – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы және Қазақстандағы ең танымал боксшылардың бірі. Ол отандық спорттың дамуына зор үлес қосқан.

Оқи отырыңыз: Алматының Алмалы ауданындағы 90 жастағы құрдастар референдумда дауыс берді