Жазушы Қали Сәрсенбай жалпыхалықтық референдумға қатысты

15.03.2026 14:45

пресс-служба акима Алматы

Белгілі қазақстандық жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай бүгін жалпыхалықтық референдумға қатысты. Ол Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушының айтуынша, референдум — азаматтарға ел болашағы үшін маңызды мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін алаң.

«Бұл – халық еркін білдірудің маңызды тетіктерінің бірі. Әрбір дауыс – мемлекеттің болашағын қалыптастыруға қосылған үлес», - деді Қали Сәрсенбай.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді