Naiza FC президенті Нұрбек Қарабала өз учаскесінде дауыс берді

РСК Алматы
РСК Алматы

Учаскеде аралас жекпе-жек жанкүйерлері мен жас спортшылар жиналып, естелік суретке түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ММА промоушені Naiza FC президенті Нұрбек Қарабала республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Алматы қаласындағы өз сайлау учаскесінде дауыс беріп, кейін тұрғындармен жүздесті. Учаскеде аралас жекпе-жек жанкүйерлері мен жас спортшылар жиналып, естелік суретке түсті. 

Нұрбек Қарабала үшін жанкүйерлермен және спортқа қызығатын жастармен байланыс орнату әрдайым маңызды екенін атап өтті.

«ММА дамуын бақылап, біздің спортшыларды қолдайтын адамдармен кездесу әрқашан қуантады. Бүгін учаскеге келіп қана қоймай, жастармен сөйлесіп, суретке түсіп, олардың спортқа деген қызығушылығын аз да болса қолдауға мүмкіндік болды», – деді ол.

Нұрбек Қарабала – еліміздегі ең ірі ММА лигаларының бірі саналатын Naiza FC ұйымының президенті.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров