Президент референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасын әзірлеуге Президент 2 жыл бұрын кіріскен. Бұл туралы Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін арнайы брифингте мәлім етті. Сөзінше, жаңартылған Ата заң  Қазақстанның ілгерілеуіне оң ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. Шамамен 2 жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын заң мен тәртіп үстемдік ететін Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағытталған маңызды құжат деп атады.

«Ата Заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуы тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет», – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров