Референдумға дейін:
13
күн
4
сағат
5
минут

Сенаторлар Қызылорда облысында жастармен және еңбек ұжымдарымен жаңа Конституция жобасын талқылады

Сенат Парламента
Сенат Парламента

Қатысушылар азаматтардың мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейту туралы сұрақтар қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасын талқылау Қызылорда облысының жастарды, өндірістік ұжымдар мен білім беру қоғамдастығын біріктіретін алаңдарында жалғасты. Кездесулер республикалық, өңірлік және қалалық коалиция өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар ресурстық орталығының базасында белсенді жастармен диалог ұйымдастырылды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов жаңа Ата Заң жобасы кәсіби заңгерлердің, сарапшылардың және өңір өкілдерінің қатысуымен жүргізілген ауқымды әрі көпкезеңді жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтеді, құқықтық қорғаудың қосымша тетіктерін, соның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі қорғауды бекітеді, сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауды қарастырады.

Ашық диалог барысында қатысушылар азаматтардың мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы сұрақтар қойды. Стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде дәл осы жастардың белсенді ұстанымы принципті маңызға ие екені баса айтылды.

Бұдан бөлек, кездесу «Ассоль» зауытының еңбек ұжымымен өтті. Талқылау барысында заң үстемдігі принциптерін нығайтуға, қоғамдық диалогты дамытуға, адами капиталды қолдауға және цифрлық ортада құқықтарды қорғауға бағытталған нормалар қаралды. Еңбек кепілдіктері мен жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік жауапкершілік пен тең мүмкіндіктер мемлекеттік саясаттың басымдықтарына айналатын әділетті әрі прогрессивті мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады», - деп атап өтті Руслан Рүстемов.

Жаңа Конституция жобасын талқылау Абылай хан атындағы колледжде де өтті. Мұнда адам құқықтарының басымдылығына, егемендікті нығайтуға, елдің унитарлылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауға, отбасы институтын қолдауға, білім берудің зайырлы сипаты мен ұлттық мәдениетті дамытуға басты назар аударылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы республикалық референдумның саяси жүйені жаңғыртудың және ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастырудың маңызды белесі ретіндегі мәнін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Новости партнеров